Берік Қалдаров, Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық мешіттің бас имамы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туған өлкесінде бірлік пен татулықтың сақталуына ерекше мән береді. Мұны Елбасымыз да халыққа арнаған Үндеулерінен байқауға болады. Яғни, өзінің үндеулерінің барлығында әрқашан да еліміздегі ұлтаралық және конфессияаралық татулықты сақтап қалудың маңыздылығын айрықша атап өтіп отырады. Сол себепті, елдік ұстанымға сай, еліміздегі барлық этностар арасында достық қатынас орнатып, олардың ауызбіршілікте өмір сүруі және әртүрлі діндер арасында өзара түсіністіктің орнауы берік қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде, бүгінде елімізде этносаралық тату-тәтті қарым-қатынас пен қоғамдық келісімнің өзіндік үлгісі қалыптасқан. Бұл үлгінің астарында халқымызды біртұтастыққа шақырушы ұстаным жатыр. Бұл қағиданың еліміз үшін құны қашанда қымбат болғаны белгілі.
Еліміздегі барлық этностардың өздерінің ұлттық тілі мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдениетін дамытуға деген ұмтылысын, ынтасын байқап, еліміз барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіп қана қоймай, ұдайы қолдап отырады. Бүгінде қазақ жерін мекен етіп отырған ұлттардың қай-қайсысы да кезінде елімізге жайдан жай келмеген. Сан түрлі ұлттың әртүрлі сенімде болатыны айтпаса да түсінікті. Сондықтан, ел бірлігіне қоса діни көзқараста да тұтастық қажет екенін мемлекет басшысы түсініп, бұл мәселені де қолға алып отыр Сол себепті «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң қабылданды, жаңа заңның талабына сәйкес діни ұйымдарды қайта тіркеу жүзеге асты. Аталмыш Заңды қабылдар алдында елімізде 50-ге жуық конфессия мен деноминацияларды білдіретін 4500-ден астам діни қауымдастық бар болатын. Қайта тіркеу нәтижесінде он жеті конфессияны білдіретін 3100-ден аса діни бірлестіктер қалғаны белгілі болып отыр. Бұл да болса дер кезінде ушыққан мәселені қолға алып, шешілуіне түрткі болған жайт. Шын мәнінде бір республиканың астында он жеті конфессияны насихаттайтын үш мыңнан астам діни бірлестік пен жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілін тату-тәтті ұстап тұру үлкен күш-жігерді қажет етері сөзсіз. Негізінен, халқымыздың этно-демографиялық құрамына орай ислам дінін ұстанатындардың көп болуына орай Қазақстан ислам дінді елдер қатарына жатқызылады. Өйткені, халықтың 70 пайыздан астамы мұсылман дінін ұстанады. Алайда, ислам дінінің басымдық етуі басқа діндердің іс-әрекетіне ешқандай кедергі келтірмейтінін байқап отырмыз.
Тәуелсіздігімізге түрлі діни конфессиялардың артуы да еш көлеңке түсіре алмайтынын бір кездері анық дәлелдеді. Елімізде мұсылмандық емес конфессиялардың күрт артқан кездері де болған. Алайда, олардың арасында діни сенім қайшылығы орын алмауын ел саясаты қамтамасыз етті. 2006 жылы елімізде өмір сүріп жатқан негізгі діндер — ислам және христиан мерекелері — демалыс күндері болып жарияланды. Елімізде салынып жатқан мешіттер мен шіркеулердің саны арты түсті. Халықтың діни сауатын арттыру мақсатында дінтанушылар шекара асып, діни білімдерін жетілдіріп келді. Мұның өзі дінге қатысты құрметті арттыра түсіп, азаматтардың діни сеніміне қатысты құрметті арттыра түсті. Ел ішінде дінге бет бұрған азаматтардың қатары арта түскені осының дәлелі бола алады.
Бүгінде Қазақстан дінаралық үнқатысу орталығы ретінде әлемге танылып отыр. Оның айқын дәлелі — үздіксіз, Астанада араға үш жыл салып, 2003, 2006 жылдары және 2009, 2012, 2015 жылдары тұрақты түрде өтіп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің съездері дәлел бола алады. Бұл айтулы шаралардың әрқайсысы бір-біріне ұқсамайтын, өзіндік маңызымен ерекшеленеді. Өйткені, барлығында әртүрлі әлемдік мәселелер қамтылды. Бұл шараларға сол жылдары әлем елдері жоғары баға беріп, Қазақстанның жағымды бет-бейнесін қалыптастыруға себеп болды.
Ең бастысы, біз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізді мекен еткен барлық халықтың арасындағы этникааралық келісімді, дінаралық ауызбіршілікті сақтай алдық. Елімізде мұндай деңгейде тұрақтылықты сақтау мемлекетіміздің негізгі бағыттарының біріне айналды десек те болады. Соның ішінде елімізде Ассамблеяның құрылуы ұлтаралық жағдайдың дұрысталyына айтарлықтай үлес қосты. Бұл консультативтік кеңесші органның арқасында этносаралық және конфессияаралық келiсiмнiң стратегиялық бағдарламасы жүзеге асты. Бұл осындай мәселелерге ықпал ететін бірден бір орган болып саналды. Осы орайда айта кетер жайт, Қазақстанда ұлтаралық жағдайлардың дұрыс шешілуінің арқасында ұлтаралық жанжалдар мен қақтығыстар жоқтың қасы. Осының арқасында Қазақстан әлемнің басқа мемлекеттері үшін ұлтаралық келісімнің, тұрақты дамудың үлгісі бола алды. Осынау береке-бірлігімізді мақтанышпен айтып, ұлттар мен диаспоралары осындай келісімде, түсіністікте өмір сүріп жатқан еліміздің одан әрі дамуына үлес қосуымыз керек.
Қорытындылай келе конфессияаралық татулық еліміздің дамып өсуіне бірден-бір себепші фактор екенін ескере отырып, кез-келген сенім өкіліне зайырлы тұрғыда қарай білуді сұранамыз.