«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекелік шарасын оңтүстікқазақстандықтар салтанатты түрде атап өтті.
«Түркістан» сарайындағы «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекелік жиынына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша облыс тұрғындарын атаулы күнмен құттықтап, мемлекеттік мерекенің еліміз үшін маңызы тереңдігіне тоқталды.
Аталмыш шараға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров арнайы қатысты.
Іс-шарада опера және балет театрының әншілері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған «Елбасы» туралы әнді орындады. Сонымен қатар, мерекелік думан Қазақстан Республикасы Президентінің өмірі мен қызметіне арналған «Елбасы жолы» киноэпопеясының жалғасы болып табылатын «Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмімен жалғасын тапты. Жаңа фильм Н.Назарбаевтың өміріндегі аса қызықты кезеңді – Елбасының 1984 жылғы Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалып, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланғанға дейінгі уақытты және одан кейінгі алғашқы кезеңді қамтиды. Мереке құтты болсын, ағайын!

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38