ҚМДБ-ның «Әр аптада бір – бір шара» жобасы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Таза Әлем» атты тазалық акциясын ұйымдастырды.
Тазалық акциясына қаладағы барлық мешіт имамдары мен «Жастар ісі» және «Әйел-қыздар» секторы, «Зекет» қорының т.б. ерікті топ мүшелері қатысты.
Игі шарада Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасы аясында қолға алынған шарада қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков барлық мешіттердің санитарлық талаптары қадағалап, әр сенбі сайын тазалық өткізіліп тұру қажет екендігін атап өтті.
Шара барысында мешіттердің іші-сырты, ауласы, дәретханалары т.б. орындары толық тазаланды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі