Жуырда Шымкент қаласында орналасқан «Парасат» және «Афомед көпсалалы» колледждерінде «Ихсан ілімі – тәрбие бастауы» атты онлайн және офлайн түрінде кездесулер ұйымдастырылды.
Аталмыш оқу орындарда өткен кездесулерге Шымкент қаласы «Halifa Al-Nahaian Aqmeshıtı» орталық мешітінің бірінші найб имамы Мұсабек Ақтамберді арнайы қатысып, дәріс оқыды.
Өз кезегінде, жастарға дұрыс білім алуды, ата-ананы, ұстаздарды құрметтеуді, имандылық жолын ұстану т.б. өзекті тақырыптар жөнінде кеңінен ақыл-кеңесін айтып, сұрақтарына жауап берді.
Аталмыш оқу ордасының басшылығы осындай кездесулерді жиі өткізуге шешім қабылдады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі