Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойы аясында Шымкент қаласы Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Шымкент қаласы имамдарының аллеясы» ашылды.
Игі бастама Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың ұсынысымен, Шымкент қаласы Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтың басшылығы тарапынан қолдау тауып, арнайы жер бөлініп имамдар аллеясы ашу туралы шешім қабылдады.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы орынбасары Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының бас имамдары қатысты.
Ендігі жерде, бөлінген жер аумағына түрлі сұрыптағы ағаштар отырғызып, тұрақты тазалық шаралар өткізіп, қоршаған табиғатты аялауды және қала тұрғындарына жақсы көңіл күй сыйлау болып саналады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі