Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің ақпарпаттық-коммуникациялық орталығында жасыл аймақта орналасқан мешіттерде жұма намазын оқу жөнінде арнайы БАҚ өкілдеріне брифинг ұйымдастырылды.
Брифинг жұмысына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов пен найб имамы әрі баспасөз қызметінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров қатысып, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің және ҚМДБ тарапынан жұма намазын оқу туралы талаптары мен ережелері түсіндірілді.
«Жұма намазын оқу үшін келген азаматтарға айтарымыз. Бұрынғыдай жұма намазы алдында жарты сағат уағыз-насихат айтылмайды. Тек жұма құтбасы мен екі ракат парызы өте қысқа сүрелер мен аяттар оқу арқылы жүзеге асырылады. Және жұма намазынан кейін тәсбі тарту және құран аяттары оқылмайды. Сақтық шаралар негізінде жұмадан кейін оқылатын 4 ракат сүннетті үйде оқығаны абзал» -деді Бас имам А.Нұрматұлы.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі