Бүгін  Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық  «Исамиддин баба» мешітінде «Ағаш – ел дәулеті, жер сәулеті» атты ағаш көшеттерін отырғызу шарасы ұйымдастырылды. 

         Игі шара  Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың тапсырмасы аясында қолға алынды. Аталмыш мешітке жуырда ғана ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйырығымен тағайындалған Ербосын Орынның ұйымдастыруымен ағаш көшеттері отырғызылды.  Игі шараға аудандық мешіттің бас Берік Қалдаров  қатысып,  мешіт ұжымының жұмыстары  жеміс пен сәттілік тіледі.

         Жалпы, ағаш көшеттерін отырғу шарасы мешіттер мен өзгеде орындарда үш ай бойы жалғасатын болады. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38