Жуырда Шымкент қаласы, Абай аудандық «Нұр-Төбе» мешітіне «Нұр-Отан» фракциясының мүшеси, Шымкент қалалық мәслихаттың депутаты Жолдыхожаев Мұрат Жанабайұлы келіп, мешіт тыныс-тіршілігімен танысты.
Кездесу аясында Абай аудандық «Нұр-Төбе» мешітінің бас Бердалы Жәміш аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен діни ахуал туралы баян етті.
Айта кетсек, кездесу барысында қалалық мәслихаттың депутаты Мұрат Жанабайұлы мешіт жұмысына өзінің ризащылығын білдіріп, рухани тәлім-тәрбие һәм қайырымдылық бағытында бірлесіп жұмыс жасауға уағдаласты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі