ҚМДБ-ның жеті бағыт жұмыстарының бірі рухани тәрбие – ихсан ілімін кеңінен насихаттау мақсатында Шымкент орталық мешітінде «Әжелер» мектебінің салтанатты ашылу шарасы ұйымдастырылды.
Салтанатты шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, найб имам әрі Ихсан ілімі бағытының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, қалалық іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан Досжанова және «Әжелер» мектебінің мүшелері қатысты.
Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы сөз алып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында ашылып отырғандығына айрықша тоқталып, рухани тәрбе жұмысында аналардың орны ерекше екендігін атап, аналармыздың жұмысына сәттілік тіледі.
Мұнымен қатар, найб имам әрі Ихсан ілімі бағытының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров құрылған топ жайлы оның міндеттері мен мақсаттарына және ихсан ілімінің маңыздылығы жөнінде арнайы баяндама жасады. Сондай-ақ, салтанатты шара барысында жуырда жарық көрген «Хәкім Абай және Ихсан ілімі» атты еңбектің таныстырылымы жасалды. Айта кетсек, аталмыш еңбектің баспадан жарық көруіне демеушілік еткен «Sop Qorgau» ЖШС-нің бас директоры Сопбеков Әмір Оңғарбекұлына Алла Тағала разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі