ШЫМКЕНТ: Діни оңалту семинары ұйымдастырылды (ФОТО)

Бүгін   Шымкент орталық мешітінде  қалалық Діни оңалту бөлімінің кезекті оқу семинары ұйымдастырылды.

Семинар барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы  қатысып,  жеке және жалпы кездесулердің сапасымен маңыздылығына айрықша тоқталып, қатысушыларға бірқатар тапсырмалар берді.

Аптасына бір рет ұйымдастырылатын  оқу-жаттығу семинарды діни оңалту бөлімінің жетекешісі Дастан Желеуов жүргізіп келеді.  Әр апта сайынғы семинарда түрлі тақырыптарға назар аударылып, кеңінен талқыланады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Добавить комментарий