Бүгін Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен белді асабалармен ас беру және той мәдениетіне байланысты басқосу өтті.
Басқосуға қала Бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы, ардагер имам Бекайдар Әміре, орталық мешіттің наиб имамдары Ахметжан Керімбек, Бекайдар Қымбатов, Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров және танымал асабалар қатысты.
Басқосу аясында ұстаздар ас беру және той мәдениетіне байланысты арнайы түсіндірме жұмыстарын жасады.
Сондай-ақ, жиында ҚМДБ-ның ас беру мәдениеті құжаты жан-жақты насихатталды. Басқосуға келген асабалар мен ақындар көтеріліп отырған мәселелерге үлкен ризалық білдірді. Бұл бағыттағы кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылатын болып шешілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38