Қазақ халқы Жаратқан Иеден жасқануды, әміріне бойсұнып, тыйымынан тыйылуды жете түсінген һәм жүзеге асырған жұрт. Ел аузында сақталған сөздерден санаға сіңісті болған тура танымды танимыз. «Құдайдан қорықпағаннан қорық», «Киімі жаманды ит қабады, пейілі жаманды Құдай табады», «Қорық Құдайдан, қайт райдан». Осы сияқты мақал-мәтелдер қазақ халқының Алла Тағаланы лайықты ұлықтағандығын дәлелдейді. Халқымыз жаман іске бой үйреткен, тура жолдан тайып, азғындаған жанды көргенде «Құдайдан қорықсаң, нетті» деп тезге салып, тежеген.
Бұл сенімнің түп-негізі Құран Кәрім мен хадистерде жатыр. Раббы Тағала білімнің көзі Жаратқаннан қорқу екендігін баяндаған.
قَالَ اللهُ تَعَالَى: ﴿وَاتَّقُوا اللَّهَ وَيُعَلِّمُكُمُ اللَّهُ﴾
Алла Тағала былай дейді: «..Әрі Алладан қорқыңдар, сонда Алла сендерге үйретеді..»[1]
Даналардың данасы ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) білім-ғылымның, данышпандықтың түпкі негізі Жаратушыдан қорқу екендігін жеткізген.
عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «رَأْسُ الْحِكْمَةِ مَخَافَةُ اللهِ». رَوَاهُ الْبَيْهَقِيُّ.
Абдулла ибн Масғұд (р.а.) жеткізген
риуаятта Пайғамбар (с.а.с.): «Даналықтың
басы – Құдайдан қорқу», – деген[2].
[1] Бақара сүресі, 282-аят.
[2] Бұхари риуаят еткен.
Дін мен дәстүр кітабынан алынды. ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешіті