Бүгін Шымкент қаласы ОҚМПУ-нің мәжіліс залында «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары» атты семинар өтті.
Басқосуға Шымкент қаласы Дін істер басқармасының «Діни мәселелерді зерттеу орталығы» ҚММ-нің теолог-маманы Тыныштық Сейлбекқызы, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы Бақдаулет Айтуарұлы, Шымкент қаласы Абай ауданы «Темірші ата» мешітінің имамы Ербол Қалшабек және ұстаздар мен студент жастар арнайы қатысты.
Басқосу аясында «Темірші ата» мешітінің имамы Ербол Қалшабек жуырда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Кемел адам», «Ихсан ілімі» бағдарламасын түсіндіріп, «Адам баласын кемелдікке жетелейтін Ихсан ілімі» тақырыбында баяндама жасады. Танымдық рухани шара барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі