Жуырда ҚМДБ-ның Шымкент қалалық «Жастар ісі» және «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Әл-Фараби аудандық «А.Қаттани» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында аудандық мешіттің бас имамы Ахматжан қажы Керімбек,қалалық «Жастар ісі» сектерінің жетекшісі Анарғали Пірәліұлы, қалалық «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан Досжановалар сөз сөйлеп, ҚМДБ-ның жеті бағыт жұмыстарын айта келе, игі шараға қолдау көрсеткен азаматтарға ризалықтарын білдірді.
Қайырымдылық шара барысында қыздардың өз қолымен жасалған бұйымдар мен түрлі тәттілер тоқаштар көпшілікке ұсынылды.
Айта кетсек, қайырымдылық шара кезінде түскен 128 мың теңге болатын. Оны көпбалалы, мұқтаж отбасыларға табыс етті.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі