Бүгін, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Абай ауданы «Атамекен» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Орамал – сан ғасырлық сән» атты сырласу кеші болып өтті.
Шаранаың негізгі мақсат – ақжаулықтың қасиеті мен маңызын жаңғырту болып саналады.
Рухани кешке Шымкент қаласы
бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан ұстаз Досжанова, Гүлжан
ұстаз Сыдықова, «Дара» әйелдер орталығының психологы
Бейсенова Анжелла ханым және диетолог-нутрицолог
маман Қозыбаевa Ақнұр ханым шақырылды.
Құлшылықты
махаббатпен атқару, өзін-өзі бағалау жөнінде психолог Анжела ханым жақсы
кеңестер берді. Алланың атымен адал ас тауып жеудің, сүннетке сай өмір салтын
ұстанудың денсаулық үшін маңыздылығы және бауырдың қызметі туралы диетолог,
нутрицолог маман Ақнұр ханым көптеген пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Сонымен бірге бүгінгі қоғамда орамал тағудың бірнеше үлгісін дизайнер Жәудір ханым көрсетті. Балжан ұстаз, Гүлжан ұстаз жиынға келген жамағатқа тәлімі мол уағыз айтты. Кеште мешіт шәкірттері әйел жамағатына аса маңызды, өнегеге толы, тағылымы мол сахналық көрініс көрсетті.
Орамал таққан аруларға арнап өлең шығару сайысына атсалықан жас шәкірттер арасында орын белгіленіп, марапатталды.
1 орын: Яхуда Аружан
2-орын:
Аманкелдиева Жадыра
3-орын:
Сейітхан Әсел иеленді.
Кеш барысында сұрақ-жауап және түрлі ойындар ойнатылды. Кеш соңында көрермендер арасынан көпке сыйлы, кимешек киіп үлгі бола білген Гүлбаршын әжеміз сөз алып, өзінің ізінен ерген жастарға ақ батасын беріп, ізгі тілегін білдірді.
Барлық кеш қонақтарына мешіт тарапынан орамал, кітаптар сыйға берілді
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі