Жуырда ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйырығымен Шымкент қаласы, Абай ауданы «Темірші ата» мешітіне бас имам болып тәжірибелі маман Ербол қари Қалшабек тағайындалған болатын. Тағайындалған күннен бастап, тынымсыз еңбек етіп кележатқан Ербол қари имамымыздың бір күндік атқаратын жұмысы туралы баян етуді жөн санадық.
Алдымен, бас имам жұмысын онлайн түрінде діни сауат ашу курсында оқып жатқан шәкірттеріне дәріс беріп, тиісті тапсырмалар береді. Және жас шәкірттерге елжанды болуы үшін “Тәуедсіздікдің тұғыры” жайлы насихат айтып, түсінідіріп, тіл үйірер тәттілер үлестірді. Осыдан кейін, бесін намазы алдында уақытында Тәуелсіздік мерекесі арнайы жолдаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің құттықтау хатын жамағатқа оқып, жеткізеді. Мұнымен қатар, бесін намазы кезінде 1986 жылы желтоқсан оқиғасында құрбан болған асыл азаматтарымызға Құран тіләует етіп, дұға етеді. Осы шаралардан соң мешіт демеушілері мен ақсақал-жанашырларына арнайы мерекелік құттықтауы мен алғыс хатын тасбыс етті.
Мешіт имамы мешіт жамағаты бүгінде науқастанып жатқан ақсақалдың үйіне жамағатпен бірге барып, көңілін сұрап, мешіт атынан атамызға және апамызға алғыс хат табыстайды.
Сондай-ақ, түскен кейін, Шымкент қаласы мәдениет тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «Көрме орталығы» МКҚК өткен «Имандылық – инабаттылық айнасы» атты рухани шараға қатысып, арнайы баяндама оқыды.
Жалпы, имамдарымыз Ербол қари Қалшабек секілді елдің елеулісі һәм халықтың қалаулысы болу үшін аянбай еңбек ету қажет деп санаймыз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі