Бүгін, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Абай ауданы «Масжидур Рохман» мешітінің ұйытқы болуымен Тәуелсіздік мерекесі күні елім деп өткен ерлерді еске алып, құрбандық мал шалу шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара барысында Шымкент қаласы, Абай ауданы «Масжидур Рохман» мешітінің бас имамы Анарғали Керімбеков сөз алып, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының бастамасы екендігін айтып, мерекемен құттықтады.
Мұнымен қатар, шара барысында 1986 жылы желтоқсан қозғалысы кезінде қайтыс болған асыл азаматтардың ерліктерін еске алып, рухтарына қасиетті Құран тіләует етілді.
Сондай-ақ, арнайы шалынған құрбандық еттері көмекке мұқтаж отбасыларға үлестірілді
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі