Тәуелсіздік мерекесі күні Шымкент қаласы, Абай ауданы «Масжидур Рохман» мешітінің ұйытқы болуымен «Мұқтаждың мұңын бөліс» атты қайырымдылық шарасы өткізілді.
Қайырымдылық шараның ұйымдастырушысы Шымкент қаласы, Абай ауданы «Масжидур Рохман» мешітінің бас имамы Анарғали Керімбеков сөз алып, демеушілік жасаған азаматтарға алғыс айтып, көмекке мұқтаж отбасыларды сабырға шақырып, мерекемен құттықтады.
Қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі мұқтаж жандардың тұрмыс жағдайы назарға алынды.
Жалпы көмекке мұқтаж 10 отбасыға құны жиырма мың теңгені құрайтын азық-түлік (ұн, май, қант, шәй, макарон, күріш, кортоп т.б.) заттар үлестірілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі