Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында,  ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешіті мен қала әкімдігінің ұйытқы болуымен орталық мешіт ауласына ағаш отырғызылды.

         Игі шараға Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов және қалалық «ЛТД Тұрмыс» ЖШС мамандарымен бірге 300 түп ағаш отырғызылды.

         Бұл ағаштың бір ерекшелігі атауының қасиетті Құран Кәрімнің «Ясин» сүресінің атауы берілген екен. Және бұл жаңа сұрып «Ясин» ағашының қасиеті жазда саясы қою және қоршаған ортаға оттегі молынан бөлеліп,  пайдасы орасан болмақ.

          Сондай-ақ, мамандар бұл жаңа сұрыпты ағашты күздің аяғы, қыс мезгілінің басынан отырғызу қажет екендігін атап өтті.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38