Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен мешіт имамдар арасында ұжымдық жəне корпоративтік рухты көтеруге бағытталған шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.
Аталмыш ойынға лигада бес команда қатысты. Атап айтар болсақ: «Ақмешіт», «Абай», «Əл-Фараби», «Еңбекші» және «Қаратау» командалары ойын көрсетті. Лига ойындары қыркүйек айынан бері жалғасуда. Əр маусым бір айға созылады. Алғашқы екі маусымда «Əл-Фараби» ауданының командасы чемпион атанса, өткен аптада аяқталған маусымның чемпионы «Абай» тобы атанды.
«»Тимбилдинг – имамдар арасында ұжымдық рухты, ауызбіршілік пен ұйымшылдық жəне тапқырлық пен белсенділікті арттыратын бірден бір жол», – деді Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов.
Сондай-ақ, қала имамы кезекті чемпиондарды құттықытап, лига кубогін табыстады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі