Қазығұрт ауданы орталығындағы Қ.Сәтбаев, Т.Рысқұлов, Болашақ, Ащыбұлақ мектептерінде, Қақпақ, Қ.Абдалиев ауыл окруктерінде және Еңбекші ауылында жастардың діни сауаттылығын көтеру, олардың бойына қазақстандық патриотизімді сіңіру, халқымыздың ежелден келе жатқан «Салт-дәстүрін құрметтеу», «ДІН ТҰТАСТЫҒЫ – ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫ» «Үлкенге құрмет кішіге ізет» тақырыптары бойынша және түрлі «Дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтандыру» мақсатында «Дін және жастар» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Кездесуге мектеп жастары мен ұстаздары қатысты.
Кездесу барысында аудандық ақпараттық насихат топ (ААНТ) мүшелері ҚМДБ-ының ғұламалар кеңесінің мүшесі «Нұрлы-Мирас» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Зәріпбай Оразбай аудандық орталық «Мұсылмандар» мешітінің имамы Әділхан Сертай, «Молалы» мешіт имамы Исхақов Мырзағали , аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманының м.у.а Болат Жабаев, «Нұрлы-Мирас» қоғамдық бірлестігінен Оразбаев Ділмураттар тақырыпқа сай сұхбаттарын айтып, дін атын жамылған керағар ағымдардың жасап жатқан іс әрекеттері дінімізге жат әрекеттер екендігін ескертіп, жастар тарапынан көкейкесті сұрақтар қойылып, мазмұнды жауаптар берілді.
Сондай ақ кездесуге Қақпақ, Қ.Абдалиев ауыл окруктерінің имамдары Қалшабеков Тастанбек, Ағабеков Балабек, Еңбекші мешітінің молдасы Шегірбаев Рахымжандар қатысып отырды. Кездесу жоспары бекітілген. Аудан көлемінде осындай кездесулер мен семинарлар жалғасын табуда. Бұл өз кезегінде аудан жұртшылығына оның ішінде әсіресе жастарға тағлымды пайдалы кездесу.

Қазығұрт аудандық орталық «Мұсылмандар» мешіті

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38