ҚМДБ Шымкент орталық мешітінде өткен жылдық қорытынды есептің нәтижесі бойынша жыл бойы үздік қызмет атқарған бірқатар имамдар ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің атынан марапатталды.
Мәжіліс барысында Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің сәлемін жеткізіп, марапат иелері қалалық «Халал Даму» бөлімінің жетекшісі Қазыбек Сарыбаев, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінің бас имамы Дастан Желеуов және «Мейірман» мешітінің имамы Дәуренбек Тасқараевтарға «Арыс» және «Ақсу Жабағылы» шипажайына екі кісілік жолдама табыс етілді.
Мұнымен қатар, деструктивті діни ағымдармен өкілдерімен жеке және жалпы кездесу, діни оңалту жұмыстары, уағыз-насихат және қайырымдылық бағыттары негізінде 10 имамға алғыс хатпен бірге 30 мың теңге сыйақы табыс етілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдінің баспасөз қызметі