Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі орталық «Halifa Al-Nahaiаn Aqmeshiti» мешітінде жылдық атқарылған іс-шаралаға байланысты аудан имамдарының есебі тыңдалды.
Кеңейтілген мәжілісті Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ашып, жүргізді.
Биылғы жылы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының есебі 12 сала бойынша балдық көрсеткіш арқылы бағаланды. Нәтижесінде, барлық талаптар бойынша Әл-Фараби ауданы үздік атанды. Тұңғыш рет жүзеге асырылған жобаны найб имам Мұхамеджан Естеміров пен қалалық мешіттің іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы жасап, таныстырды.
Жалпы, Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов Шымкент қаласының дербес қала мәртебесіне сәйкес өкілдіктің жаңа құрылымы таныстырылды. Және қорытынды есептің нәтижесі бойынша деструктивті діни ағымдармен өкілдерімен жеке және жалпы кездесу, діни оңалту жұмыстары, шариғат және пәтуа беру жұмыстары, онлайн уағыз-насихат және қайырымдылық бағыттарындағы жұмыстарды күшейту туралы нақты тапсырма берді.
Өздеріңізге белгілі, бүгінде қала бойынша ҚМДБ филиал 106 мешіт тіркеліп, онда 256 мешіт қызметкері, 1 медресе-колледж, 1 «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетіне дайындық бөлімі, 1 қарилар дайындау орталығы, 1 қайырымдылық мекемесі, 1 Имамдардың білімін жетілдіру орталығы мен 45 мешіт жанында діни сауат ашу курстары қызмет жасап келеді.
Жиын соңында қорытынды есептің нәтижесі бойынша жыл бойы үздік қызмет атқарған бірқатар мешіт имамдары ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан шипажайға жолдама мен алғыс хат және қаржылай сыйақы табыс етілді.
Шараға жергілікті «Оңтүстік», «Айғақ», және «НАР тв» телеарналары мен «Шымкент келбеті» т.б. газеттерінің тілшілері қатысты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдінің баспасөз қызметі