Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің қолға алған «Жүрек жылуы» атты акциясы жалғасын табуда.
Қайырымдылықтың үлкен-кішісі болмайды. Әрбір ізгі амал шынайы ықыласпен жасалса болғаны деген қағиданы ұстанатын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов пен қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Азимбаевтың ұйымдастырумен қалалық емханда емделіп жатқан өте мұқтаж азамат науқастың емі үшін дәрі-дәрмектеріне қаржылай қолдау көрсетілді.
Айта кету керек, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының айтуынша бұл бағыттағы қайырымдылық жұмыстар қайырымды һәм жомарт жандардың көмегімен жалғасын табатын болады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі