Жуырда, «Uly dala ustazy» халықаралық ғылыми-педогогикалық журналының дамуына қосқан үлесі үшін  Шымкент қаласында орналасқан ҚМДБ қарасты «Шымкент медресе» колледжінің ұстаздарына «Үздік автор – 2020» сертификат табыс етілді.

Дәлірек айтқанда,  белгілі ұстаз-дінтанушы «Шымкент медресе» колледжінің директоры Талғат Әсембай «Үздік мақала» номинациясы бойынша бірінші орын алып І дәрежелі дипломына ие болса,  осы оқу ордасының оқу ісі жөніндегі орынбасары –дінтанушы  Анарқұл Сырманов пен ұстаз  Гүлсін Мырзахметова «Үздік әссе» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздарға  арнайы сертификаттарын «Uly dala ustazy» халықаралық ғылыми-педогогикалық журналының басшылығы А.Қозиева мен  Н.Қуандықов мырза табыс етті.

Айта кету керек,  соңғы уақттарда аталмыш оқу ордасының ұстаздары мен шәкірттері түрлі деңгейдегі жарыстарда алдыңғы қатардан көрініп, мерейлері үстем болуда. Мұндай жетістіктер мен марапаттар шәкірттердің ынтасын оятып, жігерлендірері сөзсіз.  Марапаттар құтты болсын!

         ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38