Құрметті жамағат! Ислам діні адамның дүниелік һәм ақыреттік мүдделерін толық қорғайды. Оның ішінде жасөспірім кездегі хұқықтарына ерекше мән береді. Шариғатта ата-ананың балаларының алдындағы және балалардың ата-аналары алдындағы міндеттері бар. Баланың жастайынан дұрыс тәлім-тәрбие алуына дініміз ерекше маңыз береді. Себебі, бүгінгі жас елдің ертеңгі болашағы, үкілеген үміті.
Тәрбие басы – имандылық
Парасатты, ізгі тәрбие және тәрбиенің кемелдігі неден басталмақ? Бұл ең әуелі баланың өз ата-анасын сыйлауы, иманды болып өсуі, жанашыр, адал, еңбекқор, кішіпейілділік секілді ізгі қасиеттерді бойға сіңіруі. Есейгенде қоғамға пайдалы азамат болуы демек – жас кезінен анаша, есірткі, сыра, арақ, темекі, зинақорлық секілді теріс қылықтарға үйір болмауы, ешкімнің ала жібін аттамауы. Әдепті болу, қай кезде де текті тәрбиенің жемісін көрсету деген сөз. Міне, мұндай ұрпақ – Абайша айтсақ, ата-ананың көз қуанышы, қызығы мен сүйініші.
Ақиқатында, балаға берілетін тәрбиенің ең бастысы – имандылық тәрбиесі. Өйткені бұл ата-ананың баласының алдындағы ең алғашқы міндеті. Жаратқан Иесі жайлы танымды үйрету, шынайы мұсылман болып өсуіне жағдай жасау басты мақсат. Бұл жайында Құран Кәрімде былай бұйырылған:
﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا قُوا أَنفُسَكُمْ وَأَهْلِيكُمْ نَاراً وَقُودُهَا النَّاسُ وَالْحِجَارَةُ﴾
«Уа, иман келтіргендер! Өздеріңді және отбасыларыңды отыны адамдар мен тастар болған оттан (тозақтан) құтқарыңдар» (Тахрим, 6).
Осы аяттағы құтқарудың мағынасын Әли ибн Әбутәліп (р.а.): «Оларға ғылым-білім үйретіп, әдепке баулыңдар», – деп түсіндірген. Ал Хасан Басри: «Аллаға мойынсұнуға бұйырып, ізгілікті үйретіңдер», – деген.
Балаға жақсы тәрбие беру туралы Пайғамбарымыздң (с.а.с.) мынадай өсиет-хадистері бар.
رَوَى الحَاكِمُ عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «اِفْتَحُوا عَلَى صِبْيَانِكُمْ أَوَّلَ كَلِمَةٍ بِلا إِلَهَ إِلَّا اللهُ وَلَقِّنُوهُمْ عِنْدَ المَوْتِ لَا إِلَهَ إِلَّا الله».
Хакимнің Ибн Аббастан риуаят еткен хадисінде Пайғамбар (с.а.с.): «Сәбилеріңнің алғашқы сөзін «Лә иләһә иллалламен» ашыңдар әрі өлер кезінде оларға «Лә иләһә иллалланы» айтқызыңдар», – деген.
فِي الْمُسْنَدِ وَسُنَنِ أَبِي دَاوُدَ مِنْ حَدِيثِ عَمْرِو بْنِ شُعَيْبٍ عَنْ أَبِيهِ عَنْ جَدِّهِ قَالَ قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «مُرُوا أَبْنَاءَكُمْ بِالصَّلَاةِ لِسَبْعٍ وَاضْرِبُوهُمْ عَلَيْهَا لِعَشْرٍ وَفَرِّقُواْ بَيْنَهُمْ فِي الْمَضَاجِعِ».
Имам Ахметтің Муснәд және Әбу Дәуіттің Сүнән кітаптарында Амр ибн Шұғайыптың әкесінен, әкесі атасынан риуаят еткен хадисінде Алланың елшісі (с.а.с.): «Балаларыңа жеті жастан намаз оқуға бұйырыңдар, ал он жаста ұрып оқытыңдар да төсектерін бөлектеңдер», – деген.
قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ لِأَسْمَاءَ بِنْتَ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «يَا أَسْمَاءُ إِنَّ الْمَرْأَةَ إِذَا بَلَغَتْ الْمَحِيضَ لَمْ تَصْلُحْ أَنْ يُرَى مِنْهَا إِلا هَذَا وَهَذَا (وَأَشَارَ إِلَى وَجْهِهِ وَكَفَّيْهِ)». رَوَاهُ أَبُو دَاوُد.
Алланың Елшісі (с.а.с.) бірде Әбу Бәкір қызы Әсмаға (р.а.): «Уа, Әсма! Әйел балиғат жасына жеткен кезде оның мына мүшелерінен басқа жерлерінің көрінуі дұрыс болмайды», – деп, қолдары мен жүзіне ишарат еткен (Әбу Дәуіт риуаят еткен).
وَفِي مُعْجَمِ الطَّبَرَانِيِّ عَنْ جَابِرِ بْنِ سُمْرَةَ قَالَ قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «لِأَنْ يُؤَدِّبَ أَحَدُكُمْ وَلَدَهُ خَيْرٌ لَهُ مِنْ أَنْ يَتَصَدَّقَ كُلَّ يَوْمٍ بِنِصْفِ صَاعٍ عَلَى المَسَاكِينِ».
Табаранидің Мұғжамында Жәбір ибн Сумрадан жеткен хадисте Алланың елшісі (с.а.с.): «Біреулеріңнің баласына әдеп үйретуі оған әрбір күні жарты сағ (бір уыс бидай не құрма) садақа бергенінен артық», – деген.
رَوَى البَيْهَقِيُّ عَنْ أَبِي سَعِيدٍ وَابْنِ عَبَّاسٍ قَالَا قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «مَنْ وُلِدَ لَهُ وَلَدٌ فَلْيُحْسِنْ اِسْمَهُ وَأَدَبَهُ فَإِذَا بَلَغَ فَلْيُزَوِّجْهُ فَإِنْ بَلَغَ وَلَمْ يُزَوِّجْهُ فَأَصَابَ إِثْمًا فَإِنَّمَا إِثْمُهُ عَلَى أَبِيهِ».
Байһақидің Әбу Сағид пен Ибн Аббастан жеткізген риуаятында Алланың елшісі (с.а.с.): «Кімнің баласы туылса оның есімін жақсы қойсын, әдебін жақсартсын. Балиғатқа жеткен кезінде оны үйлендірсін. Егер балиғатқа жеткенде үйлендірмей, ол күнәға батса (яғни, зинақорлыққа барса) оның күнәсі әкесіне», – деген.
قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «حَقُّ الْوَلَدِ عَلَى الْوَالِدِ أَنْ يُعَلِّمَهُ الْكِتَابَةَ وَالسِّبَاحَةَ وَالرَّمْيَ، وَأَنْ يُؤَدِّبَهُ طَيِّبًا». رَوَاهُ الْبَيْهَقِيُّ.
Алланың Елшісі (с.а.с.): «Әкенің баланың алдындағы міндеті: жазу-сызуды, жүзуді және садақ атуды үйрету әрі жақсы етіп тәрбиелеу», – деген. Бәйһақи риуаят еткен.
قَالَ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: » أَدِّبُواْ أَوْلادَكُمْ عَلَى ثَلاثِ خِصَالٍ: حُبِّ نَبِيِّكُمْ، وَ حُبِّ آلِ بَيْتِهِ، وَتِلاوَةِ القُرْآنِ، فَإِنَّ حَمَلَةَ القُرْآنِ فِي ظِلِّ عَرْشِ اللهِ يَوْمَ لا ظِلَّ إِلا ظِلُّهُ«.رَوَاهُ الطَّبَرَانِيُّ.
Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Балаларыңды үш түрлі қасиетке баулыңдар: Пайғамбарларыңды сүюге, оның әулетін сүюге және Құран оқуға. Шындығында Құранды көтергендер (жаттағандар) ешқандай көлеңке болмайтын күні (Қиямет күні) Алланың Аршысының көлеңкесінде болады». (Табарани риуаяты).
قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «عَلِّمُواْ أَبْنَاءَكُمُ السِّبَاحَةَ وَالرَّمْيَ، وَالْمَرْأَةَ الْمِغْزَلَ». رَوَاهُ الْبَيْهَقِيُّ.
Басқа риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.): «Балаларыңа жүзуді, садақ атуды, ал әйел баласына тоқуды үйретіңдер», – деген. Бәйһақи риуаят еткен.
كَتَبَ عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ إِلَى أَهْلِ الشَّامِ أَنْ عَلِّمُواْ أَوْلاَدَكُمُ السِّبَاحَةَ وَالرَّمْيَ وَالْفُرُوسِيَّةَ. رَوَاهُ السِّيُوطِيُّ.
Әділетті халифа Омар (р.а.) Шам еліне жазған хатында: «Өз балаларыңа садақтан оқ атуды, суда жүзуді және атқа мінуді үйретіңдер», – деген. Ас-Сиюти жеткізген.
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: »تَعَلَّمُوا مِنْ أَنْسَابِكُمْ مَا تَصِلُونَ بِهِ أَرْحَامَكُمْ، فَإِنَّ صِلَةَ الرَّحِمِ مَحَبَّةٌ فِي الْأَهْلِ، مَثْرَاةٌ فِي الْمَالِ، مَنْسَأَةٌ فِي الْأَثَرِ»
Пайғамбар (с.ғ.с.) Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта былай дейді: «Шежірелеріңнен туыстық қатынастарыңды жалғайтын нәрселерді үйреніңдер. Шындығында, туыстық қатынасты жалғау әулетке сүйіспеншілік, малға өсім, ғұмырға ұзақтық әкеледі» (имам Ахмад, Термези).
Пайғамбар (с.а.с.) араб тайпаларының шежіресін жақсы білген. Сондай-ақ, ардақты сахабасы Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) шежіренің білгірі болған.
Жақсы тәрбие беру – ата-ананың жауапкершілігі
وَقَدْ رَوَى البُخَارِيُّ فِي صَحِيحِهِ مِنْ حَدِيثِ نَافِعٍ عَنِ ابْنِ عُمَرَ قَالَ قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «كُلُّكُمْ رَاعٍ وَكُلُّكُمْ مَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، فَالْأَمِيرُ رَاعٍ عَلَى النَّاسِ وَهُوَ مَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، وَالرَّجُلُ رَاعٍ عَلَى أَهْلِ بَيْتِهِ، وَامْرَأَةُ الرَّجُلِ رَاعِيَةٌ عَلَى بَيْتِ بَعْلِهَا وَوَلَدِهِ وَهِيَ مَسْؤُولَةٌ عَنْهُمْ، وَعَبْدُ الرَّجُلِ رَاعٍ عَلَى مَالِ سَيِّدِهِ وَهُوَ مَسْؤُولٌ عَنْهُ، أَلَا فَكُلُّكُمْ رَاعٍ وَكُلُّكُمْ مَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ».
Бұхари өзінің Сахихында Ибн Омардан Алланың елшісінің (с.а.с.) былай дегенін риуаят еткен: «Сендердің бәрің де бақташысыңдар, бәрің де өз отарларыңа жауапкерсіңдер. Әмірші адамдарға бақташы, ол сол отарына жауапкер, ер кісі өз отбасына бақташы, сол отарына жауапкер, ал әйел күйеуінің үйіне және баласына бақташы әрі соларға жауапкер, кісінің құлы (қызметкері) қожайынының малына бақташы әрі соған жауапкер. Әлбетте, бәрің де бақташысыңдар әрі бәрің де өз отарларыңа жауапкерсіңдер».
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «إِنَّ العَبْدَ لَتُرْفَعُ لَهُ الدَّرَجَةُ، فَيَقُولُ أَيْ رَبِّ أَنَّى لِي هَذَا؟ فَيَقُولُ: بِاِسْتِغْفَارِ وَلَدِكَ لَكَ مِنْ بَعْدِكَ».
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Бір (қайтыс болған) пенденің дәрежесі көтеріледі. Сонда ол: «Уа, Раббым! Бұл маған қайдан келді?» – дейді. Сонда (Раббысы): «Бұл сенің артыңдағы балаңның саған истиғфар (кешірім) тілеуінен», – дейді».
Балаларды сүйіспеншілікпен тәрбиелеп, махаббат нұрын жаудыру әр ата-ананың міндеті. Бұл тұрғыдағы үлкен идеалымыз – Пайғамбарымыз (с.а.с.). Ол бірде балаларын еміреніп сүймейтінін айтқан бәдәуиге: «Алла Тағала жүрегіңдегі мейіріміңді алып қойған болса, мен не істейін енді?» – деп реніш білдірген. Себебі мейірімділікпен өскен бала да мейірімді болады. Мейірімділік жүректі жібітіп, жұмсақтығын жоғалтпауын қамтамасыз етсе, қатыгездік пен салқындық, керісінше, жүректі қатайтады. Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Кімнің қыз баласы болып, оған жақсы тәрбие берсе, жетерліктей ішіп-жегізсе, Алла Тағаланың берген нығметінен молынан берсе, ол қыз оған береке кіргізеді әрі тозақтан құтқарып, жәннатқа кіруге себепкер болады». (Табарани риуаяты).
Қазіргі заманда кейбір ата-аналар баласының жағымсыз қылықтары мен жүріс-тұрыстары туралы шағымданып психологтардан ақыл-кеңес сұрап жатады. Алайда көп жағдайда сондай келеңсіздіктердің себебі өздерінде екенін түсінбейді. Өйткені олардың өздері де сондай түрлі қателіктерге ұрынып, жүйке жүйелері бұзылған жандар. Өздерінің сол қате-кемшіліктерін түсінбегендіктен де олар сәбилерінің неліктен сондай болып шыққанына кейін қайран қалады.
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «كُلُّ مَوْلُودٍ يُولَدُ عَلَى الْفِطْرَةِ فَأَبَوَاهُ يُهَوِّدَانِهِ أَوْ يُنَصِّرَانِهِ أَوْ يُمَجِّسَانِهِ كَمَثَلِ الْبَهِيمَةِ تُنْتِجُ الْبَهِيمَةُ هَلْ تَرَى فِيهَا جَدْعَاءُ». رَوَاهُ البُخَارِيُّ.
Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Әрбір туылған сәби фитрада («әуелгі таза болмыста» – яғни, еш нәрседен бейхабар пәк болып) туылады. Сосын оны әке-шешесі не яһуди қылады, не христиан қылады, не отқа табынушы қылады. Бұл хайуанның хайуан туғаны іспеттес. Сен содан (туған төлден егер оның енесі мұрны кесілген пұшық болса) пұшықтықты көресің бе?». (Әбу һурайрадан (р.а.) Бұхари риуаяты).
Ата-ана әрдайым ұрпағының болашағын, мүддесін қызғыштай қорғайды. Олардың балаларына берген баталары қабыл болады. Сондықтан ұрпаққа тек ұлағатты сөз айтқан жөн.
قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «ثَلاَثُ دَعَواتٍ مُسْتَجَابَاتٍ لاَ شَكَّ فِيهِنَّ: دَعْوَةُ الْمَظْلُومِ وَدَعْوَةُ الْمُسَافِرِ وَدَعْوَةُ الْوَالِدِ عَلَى وَلَدِهِ». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ وَأَبُو دَاوُدَ وَابْنُ مَاجَه.
Пайғамбар (с.ғ.с.) былай деген: «Үш түрлі дұға сөзсіз қабыл болады: жәбір көрушінің дұғасы, жолаушының дұғасы және ата-ананың баласына жасаған игі дұғасы (тілегі)» (хадисті Әбу Дәуіт, Тирмизи, ибн Мәжа жеткізген).
Расында, ата-ананың дұрыс үлгі бола алуы – игі ұрпақ тәрбиелеп шығарудың басты талабы. Сәбидің дамуындағы ең маңызды кезең оның өмірінің алғашқы онжылдығы болып саналады. Педагог-психологтардың айтуларынша баланың ақылдылық, интеллектуалдық қабілетінің 80 пайызы алғашқы жеті-сегіз жылда ашылып, жетіледі. Сондай-ақ, адамдық тұлғасының жан-жақты және үйлесімді қалыптасуы да осы кезеңде жүреді.
Сәрсенбаев Мейірбек
ҚМДБ, Шымкент қаласы орталық мешітінің
найб имамы