Бүгін, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қазығұрт шағын ауданында орналасқан «Қождан ата» мешітінің бас имамы ҚР ІІМ ТЖД «Өрт» сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінің онлайн конференциясына қатысты.
Конференция барысында бірқатар мәселелер көтерілді. Соның ішінде әлемді жайлаған жұқпалы дертке байланысты, көпшілік болып іс-шаралар өткізбеу, құдайы ас жиындарды уақытша шектеулер және өз-өзіне қол жұмсау сынды өзекті тақырыптар талқыланды.
Онлайн конференция барысында Шымкент қалалық ҚР ІІМ ТЖД «Өрт» сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлері т,б, салалардан келген мамандардың арнайы баяндамалары тыңдалды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қазығұрт шағын ауданында орналасқан «Қождан ата» мешітінің бас имамы Ақтөре Тұрапбай мырза арнайы баяндама оқып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныс-пікірлерге тұщымды жауап берді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі