Бүгін, ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінде елімізге белгілі ардақты ана Жамал қажы апаның рухына бағышталған Республикалық қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Әуелі, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің сәлемін жеткізіп, көптеген игі істердің басы-қасында жүретін, қайырымды ана, батыр ана Жамал қажы апаның рухына бағышталған Республикалық қайырымдылық шарасының маңыздылығына айрықша тоқталды. Және арнайы Қасиетті Құран оқылып, дұға етілді.
Қайырымдылық шара барысында жағдай төмен, көпбалалы 300 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді. Онда ұн 5 кг, май 5 литр, қант 5 кг, шәй, күріш 5 кг, макарон 5 кг, қарақұмық 2 кг және медециналық бетперде, қолқап берілді. Жалпы, бір отбасыға шаққанда 9000 (тоғыз мың) теңге көлемінде қаржы жұмсалды.
Айтулы шараның өтуіне Шымкент орталық мешітінің найб имамы Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, Шымкент қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Әзімбаев, «Жастар» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков бастаған мешіт жанындағы еріктілер тобы жұмыс атқарды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі