Бүгін, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы орталық «Әл Біләл» мешітінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы болып өтті.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, Еңбекші аудандық мешіттің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов, «Халал Даму» бөлімінің өкілі Қазыбек Сарыбаев және
Шымкент қаласы бойынша «Қажылық» бөлімнің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет» қорның өкілі Айбек Азимбаевтар қатысып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Шара аясында 64 жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың 64 оқушыға планшет тарту етілді. Барлық планшеттер карантин жағдайына орай оқушылардың үйлеріне жеткізілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі