Бүгін, Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, Әл-Фараби аудандық мешітттің бас имамы Ахметжан қажы Керімбек, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов және Шымкент қаласы бойынша «Қажылық» бөлімнің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет» қорның өкілі Айбек Азимбаев, қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков қатысып, ізгі іс жасады.
Өздеріңізге белгілі, биылғы төтенше жағдайға байланысты мектеп оқушыларына ең қажетті құрал ретінде онлайн сабақ оқуына планшет табысталды.
Шара аясында 150 жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың 150 оқушыға планшеп тарту етілді. Барлық планшеттер карантин жағдайы орай оқушылардың үйлеріне жеткізілді.
Осы шараға қолдау көрсеткен азаматтарға Алла Тағала разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі