ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына сай. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына орай Шымкент қаласы орталық мешітінің ұйымдастыруымен, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданына қарасты «Мейірман» мешітінің жанынан 300 алма түп ағашы егіліп, бау-бақша ашылды. Сондай-ақ сол елдімекенде халықты таза сумен қамтамассыз ету мақсатында құдық қазу жұмыстары басталды. Бүл игі шараға Бас имам Бақдәулет қажы Нұрматұлының өзі қатысты. Және де аудан имамы Ахметжан қажы Керімбек, Орталық мешітінің кеңсегері Қасымбеков Нұржан имамдар да атсалысты.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі