Бүгін, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай ұйымдастырылған шараға Шымкент қаласы, Абай ауданы «Торлан» мешіті мен «Зекет» қорының өкілдігі құрбан шалып, дұға ету шарасы өткізілді.
Игі шара аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы «Торлан» мешітінің бас имамы Ғалымжан қажы Назаров қатысып, әлемге дүрбелең салған COVID-19 жұқпалы індетінен тез құтылып, ауырғандар сауығып кету үшін арнайы салауат, истиғфар айтып дұға етті.
Айта кетсек, бұл шара Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың қолға алуымен қаладағы барлық мешіттерде өткізіліп жатыр.
Игі шара барысында арнайы үш мал шалынып, құрбан еттері 8 мұқтаж отбасыларға таратылды. Және 130 отбасыға ыстық тамақ әзірленіп (палау, нан, тәттілер т.б.) үйлеріне жеткізілді.
Сондай-ақ, «Торлан» мешітінің қызметінде жүріп, аурып жатқан 3 діни қызметкерге алпыс мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілді. Алла Тағала шалған құрбандықтары мен дұға-тілектерін қабыл етсін!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі