Бүгін Елорда күні мерекесіне орай ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара аясында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, найб имам Мұхамеджан Естеміров, «Қажылық» бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Азимбаевтар қатысып, ел басқарып жүрген асыл азаматтарымызға дұға етіп, жұмыстарына табыс пен бақ-бероеке тілеп, мереке күнімен құттытады.
Әлемде болып жатқан індетке байланысты жұмысынан және табысынан айырылған көпбалалы және мүмкіндігі жектеулі 80 отбасылардың үйлеріне азық-түлік жеткізіліп берілді.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған осындай игі шараларға айрықша қолдау көрсеткен Шымкент қалалық жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбековке және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық мешіттерінің бас имамдары мен ұжымына Алла Тағала разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі