Kop kulu jurekti oltiredi

Kop kulu jurekti oltiredi

Сыпайы күлкі адамның ажарына ажар, мінезіне салмақ қосса, ырқыл-жырқылға беріліп, күлегештене беру кісіні сыртқа тым жеңілтек көрсетеді. Бұл жайында хазіреті Омардың айтқан мына бір сөзі өте мәнді:

«Күлкісі көбейгеннің – сұсы азаяды. Көп қалжыңдасатын адам – келекеге ұшырайды. Кім нені көп істесе, сонысымен танылады. Көп сөйлеген адам – көп қателік жібереді. Қателікті көп істейтін адамның – ұяты азаяды. Ұяты азайған адам – күнәлі нәрселерге үйірсек келеді, ондай адамның жүрегі өледі» (Ғазали, Ихия-у-улумуддин, ІІІ, 288).

Расында да не болса соған күлегеш адамды салмақты, байсалды мінезді деп айту қиын. Мұның сорақылығы сол, ондай адамның көп күлуден бара-бара жүрегі қарайып, ішкі сезім түйсіктері әлсірей түседі. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осыны меңзеп Әбу Хұрайраға берген кеңесінде: «Көп күлуден сақ бол, көп күлу жүректі өлтіреді» деп ескерткен еді (Тәнбихул-ғафилин, Бустанул-арифин, Б. 225).

Күлкінің ішінде де Аллаға ұнайтыны әрі ұнамайтыны бар екенін де хадистерден үйренеміз. Бір хадисінде пайғамбарымыз былай дейді: «Күлкінің екі түрі бар: Алланың жақтыратыны әрі жақтырмайтыны. Аллаға ұнайтын күлкі – бір мұсылманның екінші бір мұсылманды жолықтырғанда, қуанғанын білдіріп жүзіне күліп қарауы. Ал Алланың жақтырмайтын күлкісі – біреуді біреудің мазаққа айналдырып, келемеждеп күлуі» (Мұһтарул-әхадисин нәбәуия, №727-хадис, Б. 398-399).

ОҚО Орталық мешіт

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38