Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атынан бастаймын! Барлық мадақ әлемдердің иесі Алла тағалаға тән. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оның әулеті мен сахабаларына сәлемдер болсын.       Жалған куәлік ету – адам өміріндегі жалғаның ең қауіпті түрі. Жалған куәлік беру араб тілінде «Шахадат Аззур» деп айтылады. «Зур» сөздің тілдік түсіндірмесі:  ақиқаттан ауытқу дегенді білдіреді.

Алла тағала Құран Кәрімде:

       Фурқан сүресінің 4 аятында: «ақиқатты бұрмалады» деп айтылады. «Зур» сөзі ақиқаттан ауытқу деген мағынада келген.

     «Зур» сөзінің анықтамасы: Шындық және ақиқатпен көркемделген жалған хабар[1].     

       Жалған куәлік ету дегеніміз , ол бір нәрсені сипаттағанда сол заттың бойында табылмаған нәрсемен сипатау дегенді білдіреді.  Сөзіне өтірікпен жалғанды қосып куәлік ету.

       Қуртуби жалған куәлік берудің анықтамасын былайша баяндаған: «Шахадат Аззур»  дегеніміз жалған айтып куәлік ету. Қаражат немесе жеке мүдесі үшін жалғанға жол беріп, арамды адал, адалды арам ететін харекет[2]. (Фатһ Альбари)

       Жалпылама айтқанымызда жалған куәлік беру, ол соттың алдында ілімсіздікпен жалған сөйлеу. Әрине бұндай жалғаның арты үлкен қиянанаттарға апарып соғады.  Құқықтың жоғалуы, әділдіктің кетуі, қиянат етушіге жәрдемдесу, иесі болмаған адамға  қаражат немесе құқық беру, амандықтың шартары бұзылуы т.б.. қиянаттардың айқын көрінісіне жәрдемші болу деген мағынаның баламасы.

ҚҰРАН АЯТТАРЫ:

       « Олар өтірікке айғақ болмайды да бос (пайдасыз) сөздерге кездессе, маңғазданып өтеді.»[3]

Ибн Касир           «өтірікке айғақ болмайды» деген сөздің ашықтамасына жалған куәлік деген мағына берген. Яғни әдейі біреуге  өтірік айту деген.

 Куәлік берген адам құранға сай амал етуі қажет. Алла тағала құрани кәрімде:

         «Біз білгенімізге ғана айғақпыз»[4].   

         «Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады.»[5]

Мухаммед ибн Ханафия р.а. «Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе» дегенді  жалған куәлік деп мағыналастырған. Қатада р.а: «Көрмесең көрдім деме, естімесең естідім деме, білмегеніңді білем деме. Алла тағала осының бәрінен сұрайды»- деген. 

Имам Бухари хадистер жинағында жалған куәлік бабында былай деген.

«Біреуге жала жабу қандай жаман болса. Біліп тұрып куәліктен бастартуда біреудің ақысын жеумен тең»[6] Алла тағала құран кәрімде:

«Кәулікті (көргендеріңді) жасырмаңдар. Кім оны жасырса жүрегі күнәкар болады. Алла не істегендеріңді толық біледі» [7]

   ХАДИСТЕР:

  1. Жалған куәлік ету үлкен күналардан.

Жалған куәлік үлкен күнәлардан. Муслим және Бухари хадистер жиындықтарынан келген хадисте Анас (р.а) Пайғамбарымыздан (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үлкен күнәлар жайында сұрады. Ол: Аллаға серік қосу, ата анаға қарсы келу, адам өлтіру, жалған куәлік ету, – деді[8] 

  • Жалған куәлік беру үлкен күналардың ішіндегі ең үлкендерінен.

Абу Бакр (р.а): біздер  Пайғамбарымызбен (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге отыр едік.  Пайғамбарымыздан (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):  Сендерге үлкен күнәлардың не екенін айтайын ба? – деді Олар: «Айтыңыз Алланың елшісі»,- деді.  Ол: Аллаға серік қосу, ата-анаға қарсы келу.- деді. Ол сүйеніп тұрған еді содан отырып жағастырды: Жалған сөйлеу және жалған куәлік беру деді. Ол сол сөзін тоқтамастан айта берді. Мен тоқтамайды ма деп ойладым[9].

 Кейбір риуаятарда: Сол сөзді қайталап айтқаны соншалықты еді. Біздер: «тоқтаса екен»- дедік.

     3. Жалған куәлік етудің көбеюі ақыреттің белгілері.

       Имам Ахмад  Абдулла ибн Масғуттан жеткізген Хадисте  Пайғамбарымыз (с.а.с) : «Қиямет күнің белгілері,  ол жалған куәліктің және ақиқатың айтылуы жасырылғанан білінеді.» – деген[10]. 

  • Амалдарды жоққа шығарады

     Бухари хадистер жинағында Абу Хурейра жеткізген Хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с):   Абу Хурайрадан  «Жалған сөз айтылуы тоқталмасы онда оразада су ішпей тағамдардын тыйылғандарыңнан Алла тағалаға қажеті жоқ.»[11]

  • Жалған куәлік беру Аллаға серік қосуға баланады.

        Міне осы, кім Алланың ардақтағандарын жоғары бағаласа; сонда оған Раббыларының қасында хайырлы. Сендерге арамдығы білдірілгеннен басқа малдар, халал қылынды. Ал енді нәжіс бұттардан сақтаныңдар. Сондай-ақ өтірік сөздерден сақтаныңдар.

      Ибн Касир өз тапсір кітабында бұтқа табынуды жалған куәлікпен  теңеп тұрғанын  келтіреді.   Келесі Аятта Алла тағала  Ал Ағраф сүресіннің 33 аятында соны  былай баян етеді:

    «Міне осы, кім Алланың ардақтағандарын жоғары бағаласа; сонда оған Раббыларының қасында хайырлы. Сендерге арамдығы білдірілгеннен басқа малдар, халал қылынды. Ал енді нәжіс бұттардан сақтаныңдар. Сондай-ақ өтірік сөздерден сақтаныңдар».[12]

      Пайғамбарымыз (с.а.с): «Ей Адамдар Жалған куәлік беру Алла тағалаға серік қосқанмен тең»- деген[13].   Содан кейін мына аятты оқыды:   «Ал енді нәжіс бұттардан сақтаныңдар. Сондай-ақ өтірік сөздерден сақтаныңдар».  (Қаж 30:31)[14]

     Жалған куәлік ету қауіптері

      Имам Захаби «Жалған куәлік етуші үлкен күналарға жол ашады» деген. Олар:

   1. Жалған куәлік етуші, өтірік және жала бой алдырады.

   2. Жалған куәлік беру, ол адамдардың малына, арына, жанына сұқтану. 

   3. Тозақтан үлесі болады.

 Арам  жолмен адам үстіне жалған куәлік айту және сол арқылы малын иеленсе, ол адамға тозақтан үлесі болады. 

     Пайғамбарымыз: (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) : «Кімде кім бауырың малына ақысы болмасада тисетін болса, абай болсын. Өйткені олай істейтін болса оған тозақ отынан үлесі болады».- дейді.

  • Алланың арам дегенін адал еткен болады.  Ақысы болмаған дүниеге қолын сұғады,  ар намысын төгеді және  қан төгілуіне апарады.[15]

         Ибн Хажар Хайтими:   Жалған көрінтін болса, үш қиянат байқалады.

1.Күнә жасалады, 2. қиянатшыға көмек көрсетіледі, 3. жәбір көрген адам көмексіз қалады.[16]

        Омар (р.а.) жалған куәлік еткендерге 40 дүре соғатын, жүздерін қаралап, шаштарын тақырлап алып базар ішінде алып жүретін. [17]

Қисса:

 Жалған куәлік етуші және жәбір көргенің дұғасы

         Бухари Жабир ибн Самарадан жеткізген. Ол: Куфалықтар Омарға Саадтың үстіне арызданады. Бізге басқындық жасап намаздарында дұрыс оқымайтын болды деп шағымданады. Омар (р.а) оны дереу шақыртып алады. Омар (р.а):  Абу Исхақ Куфалықтар сені намазын дұрыс оқымайды деп шағымдануда.- дейді. Абу Исхақ болса: «Алланың атымен ант ішемін мен Пайғамбарымыз (с.а.с) үйретіп кеткен намазды оқып жүрмін дейді. Құптан намазын оқысақ әуелгілерден болып барамын, соңғылардан болып қайтамын» дейді. Олар сен жайыда солай айтып жатыр. Омар (р.а) мән жайды білу үшін онымен бірге бір екі кісіні Куфа еліне қосып жібереді. Олар Саад жайында сұрамаған мешіттері қалмады, барлығыда оны танып жақсы пікірлер қалдырды. Олар «Бани Абас» мешітіне кіргенде Усама ибн Қатада деген кісі қарсы алды. Оны барлығы Сағда деп атаушы еді. Сағда: «Жаугершілік заманында бізді жинайтын. Ол әскер басқарды, бірақ олжаны әділ бөлмеді. Үкім етсе әділ болмайтын.» – деп айтады. Сол кезде Саад:  «Олай болса Алланың атымен ант етемін. Алла тағаладан үш дұға сұраймын. Егер мына құлың жалғаншы болса,  ел ішінде жалған абырой , даңқы мен атақ іздеген болса. Оның өмір жасын ұзақ ет, өмір бойы кедейшіліктің тауқыметін тартсын. Осындай жаладан басын ала алмай, іріткі ішінде болсын. – дейді. Абдуль Малик:  Сағадтың қартайғаны соншалық еді, кірпіктері өсіп,  ұзындығы көзін ашпай жауып қалатын дейді. Көшеде оны адамдар мазақтап жүретін еді. Адамдарға жақындап бірдеңе сұраса, адамдар одан ұзақтайтын. Үлкен қариялар: Саадтың қарғысына ұшыраған деуші еді.

        Қазақ халқының көрмен қиындықтары, жүрмеген соқпақ жолдары қалмаған. 19 ғасырдың басында халқымыздың көрген ең үлкен қиянаттырының бірі осы жалған куәләктің салдарынан болған.  Алаш арыстарының опасыздыққа ұшырап халық жауы атанып қуғын сүргінге  ұшырағандарыда осы жалған куәліктің кесірінен. Дұшпандар Ресей патшалығына жағамыз деп, жерін, елін, ділімен дінін сатып озбырлық жасаған. Алаш зияткерлеріннің үстінен арыз жазып жалған куәлік беріп атқызып тастаған.

          Пайғамбарымыз(с.а.с): «Мумин адам бір жерден екі жарақат алмайды»[18] деген. Басымыздан өткен осы қасырет тарихта қара дақ болып із қалдырды. Бұл біздер үшін үлкен сабақ болу керек.

 Осы орайда, өтіріктің адам баласына беретін үлкен дерт екендігін Хакім Абай Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңінен: 

   … Біріңді, қазақ, бірің дос 

Көрмесең, істің бәрі бос.

Малыңды жауға, 

Басыңды дауға

Қор қылма, қорға, татулас.

Өтірік, ұрлық,

Үкімет зорлық

Құрысын, көзің 

Ұятың, арың оянсын, 

Бұл сөзімді ойлансын……

Аллаға шүкір, сенім наным бірлігінің арқасында бір ел, бір ұлт болып өмір сүріп келеміз. Әйтеке би: «Қара қылды қақ жарған — жақсылардың белгісі» десе, Қазыбек би «Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман» деп, әділдікті ту етуге шақырады.

         Намысты, текті бабалардың атына кір келтірмей, жалған куәліктен аулақ болайық.

Шымкент қаласы , Қаратау ауданы,«Байғұт баба» мешітінің бас имамы Желеуов Дастан


[1] Ибн Хажар Аль Асқалани «Фатх Альбари» 426/5

[2] «Фатх Альбари»

[3] (Фурқан 72)

[4] (Юсуф 81)

[5] (Аль Исра 36)

[6] Ибн Хажар Аль Асқалани «Фатх Альбари» 263/5

[7] (Бақара: 283)

[8] Бухари , Муслим

[9] Бухари 2654, Муслим 87

[10] Ахмад 407

[11] Бухари 2251/5

[12] Аль Ағраф 33

[13] Абу Дауадта және Термизиде жеткен хадис

[14] Табарани сахих «Кабир»  кітабында Абдулла ибн Мазғудттың риуаятымен жетккен.

[15]  Имам Захаби «Кабайр» 79 бет

[16] «Аз Зауажир» кітабының 636 бетінде :

[17] (Қуртуби тапсірі 80/13)

[18] Бухари 6133

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38