Бисмиллаһир рахманир рахим
Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын.
Барлық мақтаулар мадақтар бір Аллаға тән пайғамбарымыз саллалоһу алайһи уассаламға салауат сәлемдер болсын
Құран кәрімде «Юнус» сүресінің 57 – аятында: «Ей адамдар сендерге өздеріңнің Раббыңнан насихат, көкіректегі нәрселеріңе шипа жане имандылар үшін жолбасшы әрі мейірім Құран келді» – делінеді.
Адам өмірінде ауырытпашылық, сынақ қыйыншылық, ауру сырқау сыяқты жағдайлар кездеседі. Бұл жәйттар адамды тығырыққа тіреуі мүмкін.
Кез келген мәселенің шешімін, сұрақтарымыздың жауабын Құраннан іздеуіміз қажет.
«Исра» сүресінің 82 – аятында былай делінеді: «Құраннан мүміндерге шипа жане рақым түсіреміз» Бұл аяттан құран барлық ауруларымыздың емі, кез келген дертке шипа екенін түсініп алсақ болады.
Аурудың түрі көп – тән ауруы болғаны сияқты жанымыз кейде науқастанады. Жан дүниеміздің ауырғаны тіпті тән ауыруынанда жаман жағдай, өйткені Имам Бухари сахихында мына хадисты келтірген: Пайғамбарымыз (оған Алла тағаланың сәлемі мен игілігі болсын): «Расында денеде бір кесек ет бар, сол ет түзу болса қалған дене бүтіндей түзеледі, ол бұзылса қалған дене түгелімен бұзылады, ол журек». – деген.
Құлдың жүрегінде мына нәрселер болса жүрек тынышталмайды екен. Оларға мысалдар:
Көреалмаушылық болса;
Басқаларға өзін көрсетемін деген мақтаныш болса;
Адамдарды кемістіп тәкаппарланса;
Өзгелердің малына қол сұқса;
Берген уәдесінде тұрмаса ;
Осылайша бірте бірте жалғаса берсе…
Бұлардан басқада кез келген жаман қылықтардан тазаланбайынша жүрегіміз жәй таппайды. Нәпсіні жеңе білген адамды Хақ Тағала жүрегіне тыныштық ұялатып, екі дүниенің рахатын нәсіп етеді. Ал енді осы айтқан жағдайға қол жеткізу үшін не істеуіміз керек?
Құран кәрімде «Рағыд» сүресінің 28 – аятында: «Имандыларға келсек, Алланы зікір етумен олардың жүрегі жәй табады». Ғалымдарымыз: « Пенде Құран оқудағы ләззатты сезінсе, жүректі қарайтатын жағымсыз атаулыны Алла жойып жібереді» дейд.
Құран окыған пендеге Хақ Тағала шипа береді. Зиянды нәрселерден сақтану үшін Алла тағала бізге Құран оқуды бұйырды. Қасиетті Құранның барлық аяттарында шипа бар.
Дегенмен хадистерде белгілі бір сүрелердің ерекше күші туралы хабарлар келген. Құран кәрімде көпшілік жатқа білетін, алайда қасиетін толық біле-бермейтін дұға бар ол «Фатиха» сүресі. Қамтыған мазмұнымен ерекшелігіне қатысты бұл сүрені «Уммул китаб», «Фатихатул китаб» «Ал канз» атаулардың тағыда бірі «Аш шафия», (шипалық қасиетке толы деген мағынада) .
Пайғамбар (оған Алла тағаланың сәлемі мен игілігі болсын) бір хадисінде: «Фатиха барлық дертке шипа» десе басқа бір риуаятта Фатиха сүресі кәріліктен басқа барша дертке шипа» – деген.
Байхақиден келген хадисте: Пайғамбарымыз (оған Алла тағаланың сәлемі мен игілігі болсын): «Қайыры ең көп болған сүре – ол Фатиха, ол барлық дертке дауа» деген.
Құрметті бауырлар Алланың кәламі болған құран шын мәнінде барлық ауруларға шипа болары сөзсіз, солай екенін біз мұсылман қауымы ұмытпауымыз керек. Құранға деген махаббатымыз тағы да артсын, ықыласпен Аллаға жалбарынсақ Раббымыз қолымызды бос қайтармайды.
Тасходжаев НәзірханҚМДБ, Шымкент қаласы орталық мешітінің найб имамы