Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласының Бас имамы Б.Абдурахмановтың жетекшілігімен Шымкент қаласында салынып жатқан 8000 орындық жаңа мешітте тазалық шарасы ұйымдастырылды.

         Тазалық шарасына  Абай,  Әл-Фараби, Еңбекші және  Қаратау ауданындағы мешіт имамдары мен «Зекет» қоры «Жастар секторы» өкілдерінің мүшелері қатысты.  Бас имамның айтуынша, бұл шара айына бір рет еректі түрде өткізіліп тұратын болып шешілді.

         Айта кетсек, зәулім мешіттің құрылысын «Мұнай Құрылысы Сервис» ЖШС жүргізіп жатыр. Мешіт құрылысының жалпы көлемі 12,0058 га-ны құрайды. Ғимараттың көлемі – 25626,0 м2, жабық аймақтың көлемі – 25626,0м2, бос аймақтың көлемі – 47369,6м2, ал, паркингтың жалпы жер көлемі 218,8х58,8м-ды құрайды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы

бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38