ҚМДБ Шымкент қаласының Бас имамы Бақдəулет қажы Абдрахманов нөсерлі жауын салдарынан зардап шеккен Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, «Елтай» елді мекеніне арнайы барып, елді мекен жағдаймен танысты. Сонымен қатар сол жерде төтенше жағдайлар өкілдері, əскери бөлімнің сарбаздары жəне еріктілерге жалпы саны 150 адамға арналған ас-су жəне тамаққа қажет азық-түлікті тапсырды. Елді мекен тұрғындарын сабырлыққа шақырып, бұл сынақты да төзімділікпен өтетінімізге сенетіндігін жеткізді.

ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38