Қасиетті Қадір кеші қарсаңында төтенше жағдай талаптарын ескеріп Шымкент қаласы орталық мешітінде «Ауызашар қоржынын» атты игі шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың қолдауымен қолға алынды.
Жалпы, «Ауызашар қоржынын» алдын-ала тізімге енгізілген, ораза тұтқан жағдай төмен, көпбалалы отбасыға (су, айран, ыстық тамақ, нан, құрма, шәй, түрлі салаттар мен тәттілер) жеткізілді.
Қаржылай қолдау білдірген жандарға Алла Тағала разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі