Әлемде дүрбелең салған Сovid-2019 жұқпалы індетіне байланысты және карантин талаптарына сәйкес қасиетті Қадір кешінде Шымкент қаласы орталық мешітінде онлайн уағыздар жүргізілді.
Онлайн уағызды алдымен Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы бастап, қадір кешінің қасиеттеріне айрықша тоқталды. Сондай-ақ, мұсылман жамағатын айтулы мерекемен құттықтады.
Осылай, кешкі құптан намазынан сәресі уақытына дейін онлайн уағыздар жүргізілді. Оған Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының имамдары мен ЖАНТ мүшелері қатысты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі