Бүгін, Шымкент қаласы Әл-фараби аудандық учаскелік Полиция пунктының мекеме қызметкерлері мен ҚМДБ Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық мешітінің  ұйымдастыруымен халықаралық отбасы күніне орай онлайн конференция ұйымдастырылды.

         Онлайн түрінде өткізілген конференция жұмысына  ЖАНТ мүшесі, Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «А.Қаттани» мешітінің найб имамы Тұрапбай Ақтөре Әліпбайұлы қатысып, баяндама жасады.

         Сондай-ақ, онлайн конференция барысында отбасы құру,  отбасындағы  ұрыс-керістердің зорлық-зомбылық салдары мен дін және отбасы тақырыптары кеңінен талқыланып, түсіндірілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы

бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38