Бүгін, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында  «Шымкент» медресе-колледжінде «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара барысында «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат қажы Әсембай мырза қасиетті Рамазан айымен құттықтап, діни басқарма тарапынан қолға алынған шараның маңыздылығына айрықша тоқталды. 

         Қайырымдылық шара барысында медресе-колледждің 71 ұстаздары мен қызметкерлеріне және  қаладағы көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі  150 отбасыға азық-түлік  заттары таратылды.

Айта кетсек, аталмыш  қайырымдылық шараға «Шымкент медресе» колледжі  мен  Қазақстандық  «Қазақ Түрік» жастарды қолдау қоғамдық қоры тарапынан қаржылай қолдауға ие болды. Осы шараға қолдау көрсеткен азаматтарға Алла Тағала разы болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы

бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38