Бүгін, яғни 9 мамыр Жеңіс күні, ҚМДБ Шымкент қаласының бас имамы Абдірахманов Бақдәулет Нұрматұлы бастаған бір топ Шымкент қаласының имамдары, Шымкент қаласының тұрғыны 1926 жылы туылған қария ардагер Шукуров Қорғанбай атаны зиярат етіп, Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, сый-сияпаттар жасады.

Бас имам  өзі бас болып атқарған бұл сауапты шара барысында асылдың сынығындай аз қалған ардагер қарияны құттықтап, оның отбасында болып, ізгі дұғалары мен ілтипат-сыйлықтарын тарту етіп, иығына шапан жауып қайтты.

ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38