Алдымызда айтып кеткеніміздей Түрікстан облысы, Мақтаарал ауданының біраз елді-мекенін су алып, қандастарымыз зардап шекті.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің осы жағдайға байланысты Мақтааралдық ағайынға көмек көлемін ұлғайтуды тапсырған болатын.

Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов және қалалық «Зекет» қоры бастаған бір топ еріктілер Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арнайы Шымкент орталық мешітінде қайырымдылық заттарын жинау, қабылдау орталығын ашқан болатын. Сол орталыққа бүкіл қала бойынша мешіттерінің имамдары мен жамағатының бірлесе, көпшілік болып қайырымдылық жасауыменен (гигиеналық, киім-кешек, көрпе-төсек, азық-түлік) заттары мен қаржылай жылу жиналды. Заттардың барлығы түгенделіп жүк машинасына жүктеліп Мақтаарал ауданына жол тартты.

ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38