С: Үлкен хадес қалайболады? Қашан ғұсыл парыз болады?
Ж: Үлкен хадес, яғни бой дәретсіздік төмендегі жағдайларда болады.
1. Ер кісі немесе әйел кісі ұйықтап жатқанда денесінен ұрық (мәни) шығуы.
2. Ер кісінің жыныс мүшесінің ұшының әйелдің алдына немесе артына енгізілуі.Ұрық шықса да, шықпаса да бәрібір.
3. Ер кісіден немесе әйелден ұрықтың күшпен немесе шәһуатпен шығарылуы. Аталған үш жағдайдағы ер кісі не әйел жүніп халіндегі адам деп аталады.
4. Әйелдер үшін етекірдің тоқтауы.
5. Әйелдер үшін босанғаннан кейінгі қанның тоқтауы.
С: Денеден мәзи немесе уәди сұйықтары шықса ғұсыл алу керекпе?
Ж: Бұл екеуі шықса ғұсыл алу мірдетті емес.Мұнда тек дәрет бұзылады.