ҚМДБ-ның келісімі аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі COVID-19 коронавирус жұқпалы дертінен жер бетіндегі әлем жұртшылығын оның ішінде Қазақстан елімізді һәм мұсылман қауымын Алла Тағаладан медет сұрап, дертке шипа, төзімділік пен сабырлық, бірлік пен береке тілеу мақсатында ү.ж. 1-мамыр, жұма уақытында «Бірлік түбі – береке» атты шарасын өткізу жоспарлануда.
Қадірлі қауым! Игі шараға қатысып, жұма уақытында өз үйімізде елдің амандығы мен жұртымыздың тыныштығы үшін дұға-тілек, истиғфар ету шарасына қолдау білдіруге шақырамыз.
Құрметпен,
Бақдаулет қажы Абдрахманов
Шымкент қаласының бас имамы