Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласының Бас имамы Б.Абдурахманов Шымкент қаласында 8000 орындық салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.
Кездесу шарасы барысында Шымкент қаласының Бас имамы Б.Абдурахманов, орталық мешіттің найб имамдары мен Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық мешіттердің имамдарына құрылысқа жауапты Смат Саухатов мырза таныстырды.
Жалпы, жаңа ғибадат орны қаланың «Нұрсат» шағын ауданында орналасқан. Құрылыстың жалпы көлемі 12,0058 га-ны құрайды. Ғимараттың көлемі – 25626,0 м2, жабық аймақтың көлемі – 25626,0м2, бос аймақтың көлемі – 47369,6м2, ал, паркингтың жалпы жер көлемі 218,8х58,8м-ды құрайды. Мешіттің биіктігі 4,8 метрды құрайды. Сондай-ақ, жаңа мешіт қаланың орталық әкімшілік аймағында орналасқан.
Сондай-ақ, бұл ғимаратта конгресс-холл, неке қию сарайы, медресе, кітапхана мен асхана, фитнес орталық орналасады деп жоспарлануда.
Айта кету керек, зәулім мешіттің құрылысын «МұнайҚұрылысыСервис» ЖШС жүргізіп жатыр.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі