Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен қолға алынған «Жүрек жылуы» атты игі шара жүзеге асырылды. Игі шарада жаңадан тағайындалған Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдурахманов қатысып, қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Өздеріңізге белгілі, әлемге дүрбелең салған «Сovid-2019» жұқпалы індетіне байланысты төтенше жағдайдың талаптарына сәйкес барлық мешіттер уақытша жабық тұр. Осы ретте мешіт имамдарының айлық жалақылары, әлеуметтік мәселелері бірінші кезекте екені белгілі. Осы орайда, Бас имамы Бақдаулет қажы Абдурахмановтың шешемімен қалталы демеушілерді тарту арқылы қаладағы шалғай елді- мекендерде орналасқан 100 мешіт имамына «Рамазан сыйлығы» атты азық-түлік түрінде көмек көрсетілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38