Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйрығымен тағайындалған Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдурахманов жергілікті «Айғақ» телеарнасындағы «Дін мен дәстүр сабақтастығы» атты жаңа бағдарламаға сұқбат берді.
Сұқбат барысында қасиетті Рамазан айының қадір қасиеттері және ондағы атқарылатын іс-шараларға туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, биылғы жылы әлемге дүрбелең салған Сovid-2019 жұқпалы індетіне байланысты төтенше жағдай талаптарына бағынып, уақытша қиындыққа сабырлы һәм төзімділік танытуға шақырды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі