Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент бойынша өкілдігі «COVID-19» жұқпаны індетіне байланысты және исі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті Рамазан айының келуіне орай брифинг өткізді.


Брифингке Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев, найб имам Мұхамеджан Естеміров және Еңбекші аудандық мешіттің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов қатысып, Рамазан айы туралы ақпарат берді.
Брифинг барысында қасиетті Рамазан айының қасиеттері, шарттары, «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық шараларын өткізу, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты мешіттердегі тарауих намазы мен ауызашар рәсімдерін үй жағдайын өткізу жәйі, пітір садақасы мөлшері сынды өзекті тақырыптар қозғалды.
Мұнымен қатар, Шымкент орталық мешіті жанындағы «Рамазан Call-Center» орталығының жұмысы және күнделікті уағыз-насихаттар онлайн түрінде жүргізіліп жатқандығы түсіндірілді.
Айта кетсек, биылғы жылы қасиетті Рамазан айы 2020 жылғы 24-сәуір күні басталады. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның шешімімен жан басына берілетін пітір садақа мөлшері еліміз бойынша 370 теңге болып белгіленді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38